Биыл мегаполисте 260 жұмыс орнын құруға бағытталған 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осыған дейін сүтті қайта өңдеуге бағытталған 3 кәсіпорын, 4 мал бордақылау алаңы, 3 сүт фермасы және жылыжай кешені іске қосылды.
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің семинарда шаруалар бас қосып, бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу, үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану арқылы көкөніс шаруашылығын дамытудың негіздері және кластерлік жобаларды құру мәселесін ортаға салды.
Семинар алдында ауыл шарушылығына қажетті органикалық тыңайтқыштар мен техникалар, көкөніс тұқымдары, суару жүйесінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Шымкентте өндіріліп, ішкі нарық пен көрші елдерге экспортталып отырған өнімдер қойылған
Биыл қаламызда кластерлік жобаларды дамытуға басымдық берілген. Жаңа жобалар ірі кәсіпорындардың қуаттылығын арттырып, қала халқын азық-түлікпен қамту мәселесін шешуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері қалада құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс, мал бордақылау, бал ара және балық шаруашылығына бағытталған 78 кластерлі жоба құрылған.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, бүгінде қаламызда ауыл шаруашылығын дамытуда кешенді жоспарлар жүзеге асырылып жатыр. Қазір қала аумағында 81 елді мекенде 157 мыңға жуық мал басы және 50-ге жуық түрлі қайта өңдеуші кәсіпорын бар. Мұндай жобалар – үй іргесіндегі бос жатқан жерлерді тиімді пайдаланып, кластерлі жобаларды жүзеге асыру арқылы қала тұрғындарының табыстарын арттыруға және өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесу болып табылады.
Шымкентте қазір 3400 шаруа қожалық, оның ішінде 86 ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандарының айтуынша, 5 аудандағы шаруалармен 15 семинар өткізіп, үй іргелік жерлерді пайдалану арқылы кластерлік жобаларды жүзеге асырудың мәнісін түсіндірген.
Созақ ауданы — Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығына бейім өңірлердің бірі. Мұнда соңғы жылдары егін шаруашылығын дамыту, жерді тиімді пайдалану және суармалы жүйелерді жетілдіру бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл саланың дамуы аудандағы агроэкономиканың тұрақтылығын […]
Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар осылай, деді. Шымкентте ауылшаруашлығы өндіріспен […]
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқалы отырған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгін Түркістанда Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, […]
Пікір қалдыру