Бұл кездесу бұрынғыдан өзгерек. Халықтың құлағына сіңімді, қарапайым жиында, көп мәліметтер алынды.
Шымкентте «Арманда» бизнес форумы өтті. Жиында медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяров, белгілі дінтанушы, Нұрлан Байжігітұлы, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызы, белгілі продюсер Жан Мұқанов бизнес түрлерін меңгерудің тың тәсілдерімен қоса отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани дамуы тақырыптарында сөз қозғады.
«Біз халықпен кездескенде ұлттық құндылықтар төңірегінде ғана айтпаймыз. Қаланы аралап, тарихи орындарда боламыз. Оны әр барған қаламызда насихаттаймыз. Жалпы, бұл басқосуды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — іскер азаматтарды спикер ретінде тартып, қоғам қайраткерлерін, медиа-бизнес өкілдерін және мыңдаған кәсіпкерлер мен Қазақстанның қарапайым тұрғындарын үлкен қайырымдылық миссиясына біріктіру», — деді Арман Давлетияров.
Пікірталас алаңында бренд қалыптастыру, нарықта сұранысқа ие бизнес түрлерін игеру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мәселелерінде түрлі кеңестер айтылды. Басқосуда кәсіпкерлікті дамытуда мегаполистің мүмкіндіктері мен инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру тетіктері қарастырылды.
Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.
Айта кетейік, форумның іс-шаралары бұған дейін Астана, Қызылорда, Түркістан қалалрында өткен. Мұнан кейін де еліміздің бірқатар қалалары мен өңірлерінде өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, қатар спикерлер форум аясында өңірлердегі балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге барады.
Алдағы уақытта мұндай форумдар еліміздің өзге де қалаларында жалғасады.
Шымкент қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан ең ірі бұқаралық спорттық іс-шаралардың бірі – «Shymkent Marathon – 2025» өз мәресіне жетті. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден мыңдаған қатысушыны тартатын бұл марафон биыл ерекше […]
«Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесі қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич және NEET бөлімімен бірлесе Шымкент қаласы – ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай қала жастарына […]
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы мен Республика күніне орай елдегі ұлтаралық татулық пен мәдени әралуандықты дәріптейтін маңызды іс-шара өтті. «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік жиынды «Шымкент қалалық әзербайжан мәдени […]
Пікір қалдыру