«КӨМЕШ БҰЛАҚ» БАЗАРЫ АУМАҒЫНДАҒЫ АВТОТҰРАҚ ҚАЙДА КӨШІРІЛЕДІ?

Шымкент қаласына алыс аудандардан келіп қатынайтын көліктер көп. Соның салдары таңғы және кешкі уақыттарда көлік кептелісін тудыратыны заңдылық. Қарапайым тұрғындар тарапынан да, жүргізушілер тарапынан да осы бағытта өтініштер келіп түседі. Діттеген жеріне уақытылы жете алмай, жұмысынан кідіріп жатқандар жауапты мамандардан бір жағына шығарып, көліп кептелісіне мүмкіндігінше болдырмауға тырысатын амал қарастыруын сұраған. Қала орталығына кіре беріс жолдардың ұзын — сонар кептеліс болатыны белгілі. Соның бірі Ташкент бағытына шығатын жол. Осыған орай бүгін қала әкімі мен жауапты мамандар сол маңайға барып, көзімен көріп қайтты.

Ғабит Сыздықбеков Түркістан облысының оңтүстік аудандарына қатынайтын көліктер тұрағының жағдайымен танысты. «Көмеш бұлақ» базары аумағында Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарына 500-ге жуық көлік қатынайды. Соның салдарынан халық көп шоғырланатын аумақта көлік қозғалысы қиындап, кептелістер орын алуда.

Қала әкімі жауаптылар тарапынан ұсынылған автотұрақты А-2 автомобиль жолының жолайырығы маңына көшіру туралы ұсынысқа қолдау білдірді. Озық үлгідегі автостанция жеке инвестордың есебінен салынады.

Ал қазіргі автотұрақ аумағы ретке келтіріліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 4 «Сергек» бейнекамерасы орнатылатын болады. Жаяу жүргіншілердің бейберекет қозғалысын болдырмау үшін арнайы турникеттер орнату жоспарлануда.

Қала әкімі жауаптыларға жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында автотұрақты көшіру бойынша тиісті жұмыстарды шұғыл іске асыруды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*