№ 66 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ІІІ ТОҚСАНДА ӨЗ ҒИМАРАТТАРЫНДА ОҚИТЫН БОЛАДЫ

Шымкенттегі Тұран ауданына қарасты Қазығұрт ықшам ауданындағы № 66 жалпы білім беретін мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 3 қабатты нысанның құрылыс жұмыстары 86 пайызға орындалған. Бұған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков білім ошағын аралау барысында көз жеткізді.
Шымкентте соңғы жылдары жекеменшік мектеп көбейді. Бұл қалада үш ауысымды мектептердің азаюына ықпал етіп отыр. Үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал, орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған
Құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталды. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1 260 орынға лайықтап салынған болатын. Оқушы саны бүгінде екі мыңнан асты. Олар күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталғанша, үш мектепке бөлініп, дәріске барып жүр.
Аталған білім ұясының жай-күйімен танысқан қала әкімі тиісті басқарма басшыларына мердігерлердің жауапкершілігін арттыра отырып, ең алдымен, сапаға көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.
Айтып өтейік, мектептің құрылыс жұмыстары желтоқсан айының ортасына қарай толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
Елімізде білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу, мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мәселесі үнемі басты назарда.
Қала басшысы мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанына көз жеткізді. Білім нысандарындағы жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан Ғабит Сыздықбеков құрылыстың сапасына мән беруді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*