МАГИСТРАЛДЫ ЖОЛДЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

  1. Ташкент–Алматы бағытында Шымкент қаласын айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстары 31 шақырымды құрайтын 8 кезеңнен тұрады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 7-кезеңі жүргізіліп жатқан жол құрылысының жұмыс барысын тексерді. Бұл кезең қала шекарасынан Бәйдібек би даңғылы қиылысына дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы – 7,5 шақырым.

Бүгінде нысанда жер төсемін дайындау және ауыл шаруашылығына арналған арнайы көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған кезеңнің жұмысы 20 пайыз атқарылды.

Ынтымақ шағын ауданынана баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысан жобаның 2-ші кезеңі болатын. Жоба бойынша ені 30 метр, 4 жолақты екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, әсем көрік беретін шамдар орнату қарастырылған.

Жобаның 7-кезеңі Бозарық айналма жолынан, Самара-Алматы тас жолына дейінгі аралықты қамтиды. Бекітілген жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым автомобиль жолының ені 40 метр, 6 жолақты. Құрылыс нысанында бригадалар қазір инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жол негіздерін салу, суағар құбырларын тарту және асфальт жабындысын салу сатысында қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Мұндағы жол құрылыс жұмыстарының бүгінде 65% пайызға орындалғанын ескере келе, әрі қарай да істі соңына дейін сапалы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, жол құрылысы барысында заңсыздықтарға бой алдырмауды, қажетті жер аумағы мемлекет қарамағына қайтарылуын міндеттеді. А-2 магистралы пайдалануға берілсе, қаланың экономикалық, әлеуметтік даму көрсеткішіне оң әсерін тигізбек.

Ал, 8 -кезеңі Бәйдібек би даңғылынан Шымсити шағынауданына дейінгі аралық. Бұл кезеңнің де жалпы ұзындығы 1,8 шақырым автомобиль жолының ені 40 метр, 6 жолақты.

Жоспарға сәйкес келесі жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, заманауи талаптарға сай көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары болады.

Қала басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасына аса мән беруді тапсырды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*