Ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 235 шақырымы (90,4%) асфальт, 25,0 шақырымы (9,6%) тас жолды құрайды.
Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 20,9 шақырымды құрайтын Жансүгіров, Анаров, Кабанбай батыр, Желтоқсан, Дулати, Қазыбек би, Орынбаев, Пазиков, Ж.Тыныбаев, Адырбеков, Уәлиханов атындағы орталық көшелерге және Д.Қонаев даңғылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт қабаты төселінуде.
Ішкі орамдағы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт төсеу жоспарланса, оның ішіндегі 26 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал қалған 3 көшеге асфальт төсеу бойынша сот процессі жүріп жатыр.
Әл-Фараби ауданы (бұрынғы Дзержинский ауданы) — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік-территориялық бөлініс бірлігі, бес ауданның бірі. Жер аумағы — 143,8 км². Халық саны — 201 573 адам. Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Сондай-ақ 2023 жылдың басында Әл-Фараби ауданы аумағына қарасты 390 көшенің, 110 көшесі жарықтандырылған болса, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан 2023 жылы тағы 14 көшені жарықтандыру жоспарға енгізілген.
Бүгінде Күншығыс ш.а. ішкі орам, Абдразақов, Тыныбаев, Маметов, Бөгет, Қалалық жүйке аурулар орталығы, 16 ш.а. ішкі орам, Ескі қала аумағындағы Өзбек көшелерін жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Жыл соңына дейін Сәуле ш.а., Бозарық, Наурызым, Тұмарлы, Әблязимов, Мәделі Қожа, Сасбұқаев көшелеріндегі жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталатын болады.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларын айтты. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық […]
Қыс мезгілінде санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру қаланың тұрғындары үшін өте маңызды, өйткені мұндай жұмыстар жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қардың түсуі мен мұздың пайда болуы, әсіресе қысқы кезеңде, көлік апаттары мен түрлі […]
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету […]
Пікір қалдыру