Қала әкімінің ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және аудандарды аралау барысында түскен тұғындардың өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде тұрғындардың ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сондай өтініштердің бірі бойынша тұрғындардың талап-тілегі бақылауға алынып, М.Мәметова атындағы №35 орта мектептің тұсындағы Қазыбек би көшесінің бойына жасанды жол кедергісі орнатылды. Бұл кедергі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қ.Бақбаев көшесі мен Ташкент көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы сызылса, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында орын алатын көлік кептелісін айналып өту мақсатында ақпараттық белгі орнатылды. Ал, Қабанбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жол жабындысы төселген соң толығымен қайта жол белгілері сызылды.
Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда. Қаратөбе тұрғын алабының жалпы аумағы 22,7 шақырымды құрайды, оның 20,6 шақырымы асфальт жол. Қала басшылығы 1,2 шақырымдық Домбыралы көшесінің жол құрылыс жұмыстарын қадағалады. Жалпы, биыл бұл аумақта 3 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Құрылыс енді Гүлабад, Бахриз Рамиз, Қапал батыр №1, 2, 3, 4 көшелерге, және тұйықтарға жүргізіледі. Ал Ризақ палуан, Жаңақұрылыс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда. Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды үлестіре отырып, нысандарды мерзімінде қолданысқа беруде нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекеніне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарының барысын пысықтады. Дастан елді мекенінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелеріне […]
Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданы бойынша 140 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы аудан әкімінің басты назарында. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен ауданда жасалып жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. […]
Ташкент–Алматы бағытында Шымкент қаласын айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстары 31 шақырымды құрайтын 8 кезеңнен тұрады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 7-кезеңі жүргізіліп жатқан жол құрылысының жұмыс барысын тексерді. […]
Пікір қалдыру