«ЕСКІ ҚАЛАДА» ЕЛДІҢ ІШКІ БІРЛІГІ СӨЗ БОЛДЫ

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Н. Байғұтов, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері “Ескі қала” шағын ауданында халықпен кездесіп, азаматтық келісімді нығайту, елдің ішкі бірлігін бекемдеу тақырыптары қозғалды.
Кездесу барысында жалпыұлттық бірлікті ілгерілету, еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру жан-жақты мәселелері сөз болды.
Ынтымақ, бірлік, келісім – Қазақ елі үшін ең асыл бақыт. Кешегі зұлматты кезеңдерде ата-бабалары, әке-шешелері Қазақстанға жер аударылып, қонақжай халқымыздың ыстық ықыласы мен бауырмалдығының арқасында бір шаңырақтың астында тоғысқан ұлт өкілдері бүгінде өсіп-өніп отыр.

Қазақстанның көп ұлтты халқының  татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де -Тәуелсіздіктің нәтижесі.

Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*