«ЖАТАҚХАНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы айтты.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында «ЖАТАҚХАНА» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға ішкі істер органдары, газтехникалық инспекция, аудан әкімдіктері, «ҚазТрансГаз» АҚ мамандары мен волонтерлік ұйымдар жұмылдырылды», — деді спикер.
Бүгінде аудан әкімдіктерінің берген ресми мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында 29 жатақхана орналасқан.
Атап айтқанда: Абай – 2, Әл-Фараби – 8, Еңбекші – 9, Тұран – 8, Қаратау – 2.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар Департаменті рейдттік іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша 370-ке жуық өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықталды. Оларды жоюға Департамент тарапынан меншік иелеріне ұсыныс беріліп, мүдделі мекемелерге хаттар жолданды. Рейдттік іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 750-ге жуық азаматпен әлеуеметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша азаматтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән бермейтіндігі, өрт орын алған жағдайда іс-шаралар кешенін білмейтіндігі анықталды.

Департамент тарапынан, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Мүлік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктің құрылмауына байлынысты жатақханаларға өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізілмеген. Бүгінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 29 кездесу ұйымдастырылып, 1500-ге жуық тұрғынға электр жабдықтарды, жылыту пештері мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы және өрт туындаған жағдайда іс-әрекет алгоритмі түсіндіріліп, жадынама парақтары таратылды. Әлеуметтік осал топқа жататын 15 отбасының тұрғын үйіне газ дабылқаққыш қондырғысы орнатылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*