ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАМАҒАН 370 -КЕ ЖУЫҚ ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛГЕН

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы айтты.
«Төтенше жағдайлар Департаменті рейдттік іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша 370-ке жуық өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықталды. Оларды жоюға Департамент тарапынан меншік иелеріне ұсыныс беріліп, мүдделі мекемелерге хаттар жолданды. Рейдттік іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 750-ге жуық азаматпен әлеуеметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша азаматтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән бермейтіндігі, өрт орын алған жағдайда іс-шаралар кешенін білмейтіндігі анықталды»,- деді Е. Отарғалымұлы.
Департамент тарапынан, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.
Брифинг барысында Еркін Отарғалымұлы Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
— ақаулы немесе қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, қосулы электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз:
— кемінде үш айда бір рет мұржалар мен пештерді күйеден тазартыңыз.
— пешті шамадан тыс қыздырмаңыз және пеште саңылаулардың орын алуна жол бермеңіз;
— жылыту пештері мен газ қондырғыларына тек арнайы мамандардың көмегі арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз;
— жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларға балалардың қадағалауын тапсыруға тыйым салынады;
— балаларды қараусыз қалдыруға және сіріңке мен оттықты балалардың қолы жететін жерде сақтауға жол бермеңіз;
— пештердің жанында заттарды кептірмеңіз;
— өрт ошағын байқаған сәтте, дереу «101» және «112» құтқару қызметіне хабарлаңыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*