МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА МЕМЛЕКЕТТЕН 1 071,7 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Биылдың өзінде аталған салаға 1071,7 млн теңге қаржы бөлінген.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция көлемі туралы айтты.
«Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру үшін асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру мақсатында өткен жылы қаланың 5 ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 15 семинар өткізілді. Семинар барысында ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
2023 жылға мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында (субсидия)
1 071,7 млн. теңге қаржы бөлінген болса, оның ішінде жем-шөпке қаралған қаржы көлемі 209,4 млн. теңгені құрайды», — деді А. Жанбатыров.
Мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану нәтижесінде 2023 жылы қала аумағына Еуропа елдерінен ЖК Эгамназаров 104 бас және «Бәйтерек» ШҚ 34 бас асыл тұқымды сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал сатып алынды.
Сонымен қатар, тауарлы жұмыртқа бағытындағы 3 құс фермасында және жаңадан құрылған 1 құс фермасында асыл тұқымды жұмыртқа бағытындағы 413 000 бас тәуліктік балапан сатып алынды.
Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы өнімі артып ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айында шаруашылықтың барлық санаттарында:
— сойылған мал мен құс еті 8,5 мың тонна (15,3% артқан);
— сүт – 51,2 мың тонна (15,1% артқан);
— жұмыртқа 141,4 млн. дана өндіріліген (20,6% артқан)
Жалпы өнім көлемі 44,6 млрд. теңгеге жетті.

Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 миллион теңгеге жуық субсидия қаражаты төленді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*