АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ЖАҢА 1435 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров 2023-2026 жылдары жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар туралы да айтып өтті.
2023-2026 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жол карта аясында 61 млрд теңгеге 45 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде.
Атап айтқанда:
— қайта өңдеу – 13 жоба;
— жылыжай кешені – 8 жоба;
— жеміс-көкөніс қоймасы – 8 жоба;
— тауарлы сүт фермасы – 6 жоба;
— ІҚМ бордақылау – 5 жоба;
— құс фабрикасы – 2 жоба;
— қарқында бау – 2 жоба;
— құрама жем – 1 жоба.
Нәтижесінде 1 435 жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, 2023 жылы жалпы құны 13 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 11 жоба жүзеге асырылып, 111 жаңа жұмыс орны ашылды. Қалған 5 жоба 2023 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.
Аталған инвестициялық жобалар келесідей бағыттарды қамтамасыз етеді. Сүт тауарлы фермасы – 3 жоба, сүт өңдеу цехы – 3 жоба, жылыжай кешені – 2 жоба, жеміс-көкөніс қоймасы – 2 жоба, ірі қара мал бордақылау – 1 жоба, құс фабрикасы – 1 жоба, көкөністерді қайта өңдеу – 1 жоба. Нәтижесінде 262 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Оның ішінде АӨК өнімдерінің экспорт үлесін арттыруға бағыттылған «Ақсай» ЩҚ, «Отан агро» ЖШС, «Аймар құс» ЖШС жобалары бар.
Сонымен қатар 10 айлық қорытындыға сәйкес:
— ауыл шаруашылығының негізгі капиталына – 6 млрд. теңге;
— тамақ өнімдерінің негізгі капиталына – 6,9 млрд. теңге тартылды деп күтілуде.
Шымкентте шағын шаруашылықтар мен тауарды терең өңдеушілер арасында тығыз байланыс орнады. Осылайша, агроөнеркәсіп кластері құрылып, қайта өңдеу саласындағы өсім 2,3 %-ке жетті. Сала мамандарының айтуынша, бұл бастама кәсіпорындардың қуаттылығын арттырып қоймай, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*