Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде жыл басынан бері 58 968 бас ірі қара мал бүркітілген. Сонымен қатар Шымшахардағы 8 500 бас уақ мал тоғытылған. Үздіксіз жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстары барысында төрт түліктің қора қопсысы да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласында сондай ақ 1 455 715 шаршы метр аумақ қора-қопсыда дезинфекция жасалған. Оған қосымша 297 830 шаршы метр буферлік аумақ залалсыздандырылған.

Бұдан бөлек, еліміздің үшінші мегаполисінде сонымен қатар 8 саябақ пен 37 гүлзарда дезинфекция жұмыстары жүргізілетін болады. Сөйтіп  жалпы аумағы 2 867 260 шаршы метрді құрайтын аумақты кенеге қарсы дәрілеу жоспарда бар екен. Бұл жұмыстарға тікелей жауапты мамандар аталған іс-шаралардың сапалы жүргізілуі үшін ең алдымен жеке қожалықтардағы қора жайлардың  тазартылғаны жөн деп кеңес береді. Сондықтан да кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына әсте салғырттықпен қарауға болмайды дейді мамандар. Дезинфекция жұмыстары алдағы уақытта да қарқынды жүргізілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*