Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Бұл қалашық «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына иесілі. Барлық жұмыс ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізілуде.
Аталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік компания өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында Күлтөбе қалашығы маңынан заманауи туристік нысандар салу мәселесі талқыланды.
– Бұл қалашыққа келген саяхатшылар Қазақ халқының тарихынан, мәдениетінен, қасиетті Түркістан шаһарының өткенінен мағлұмат алатындай болуы тиіс. Біздің маңызды құндылығымыз – Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен үндесіп, туристер келетін орынға айналуы керек. Жан-жақты зерттеп, зерделеп барып, жұмысты жүргіземіз, – деді Дархан Сатыбалды.
Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынады. 3D форматының жетістіктері қолданылады. Нысан түнде жарқырап, ою-өрнектермен безендірілмек. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Осы маңнан табылған археологиялық жәдігерлер туралы да мағлұмат беріліп, қазақ мәдениеті, қолөнерінен сыр шертетін дүниелер жұртшылық назарына ұсынылады деп күтіліп отыр. Бұл жоба әлі зерделеніп, тиісті шешім қабылданады.
Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі. Ашық аспан астындағы мұражайдың жалпы аумағы 27 га құрайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысымен танысып, жауапты басшылармен кездесті. Құрылыстың сапасына басты назар аударуды тапсырды.
Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қондырғылар жергілікті климатқа төзімді. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады.
Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болған. Жоба мемлекетпен айрықша қорғалатын аумақта, ЮНЕСКО ұйымының Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында іске асырылатындықтан, қазіргі археологиялық зерттеулер ЮНЕСКО мен ИКОМОС ұйымдарының дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастықта жүзеге асуда.
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін басты құралдардың бірі – тікелей инвестициялар. Осы орайда облыс әкімінің төрағалығымен өткен Инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар маңызды жобалар талқыланып, олардың жүзеге асу барысы мен туындаған мәселелер кеңінен қаралды. […]
Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа тарту мақсатында іске асырылатын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының облыстық форумы өтті. Басты мақсат — мемлекет ұсынып отырған бағдарламалар аясында жастарды еңбекке ынталандыру және оларды […]
Түркістан облысы Кентау қалалық ауруханасында алғашқы гемодиализ орталығы ашылды. Бұған дейін бүйрегі ауыратын науқастар ем үшін Түркістан қаласына барған болса, ал қазір жергілікті ауруханада ем алады. Онда бүйректі тазалап, ағзаның жұмыс істеуін ретке келтіретін заманауи […]
Пікір қалдыру