Биыл Түркістан облысы шет елдермен түрлі келіссөздер жүргізіп, өңірдің экономикасының дамуына үлес қосатын кәсіпорындардың көптеп ашылуына жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақында ғана облыстан жиналған деллегация Қытайға іс сапармен барғанын жазған едік.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, кездесулер өткізді.
Сапар барысында Зұлпыхар Жолдасов «Henan Civil Aviation Development & Investment Group» (КХР) бас директорының орынбасары Цяо Ченмен кездесіп, облысқа инвестиция тарту, Түркістан халықаралық әуежайының әлеуетін ұлғайту, халықаралық әуе рейстері және туризм саласын дамыту бойынша мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.
100 млн халқы бар Хэнань провинциясына биыл Қытайдан және шетелдерден 120 млн турист келеді деп жоспарланған. Henan Civil Aviation Development & Investment Co.Ltd (HNCA Group) компаниясы – Хэнань провинциясының авиация саласының дамуын жеделдетуге жауап беретін, авиациялық компанияларды қайта құруға және ынтымақтастыққа қатысатын Чжэнчжоу әуежайының дамуына жетекшілік ететін ірі компания. Аталған компания авиациялық логистиканы нығайтуға және авиациямен байланысты салаларды оңтайландыруға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» бастамаларына белсенді қатысады. Өңірлер арасында экономика, мәдениет, туризм салаларында тығыз байланысын орнату өзекті.
«ЮКМЗ» АҚ – Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі. Кәсіпорын 2000 жылы бұрынғы КСРО аумағында ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы машина жасау өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі ретінде танымал «Манкентсельмаш» ААҚ негізінде құрылған. Аталған […]
2021 жылы Түркістандағы тұқымбақтағы жалпы көшет саны 10 миллионға жеткізіледі. Осылайша қаланың жасыл белдеуін қалыптастыру жұмыстары жалғасып, отырғызылатын ағаш көшеттерімен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінде мұнда күзгі көшет егуге арналған 3000 га жерде жер жырту […]
Өткен жылы республикалық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің […]
Пікір қалдыру