Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ашық диалог аланыңда облыс тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр. Онда өңір мәселелері тұрғындармен бірге көтеріліп, шешу жолдары қарастырылады.
Өңір басшысының кезекті халықпен кездесуі Отырар ауданында өтті. Кездесу барысында облысты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылды.
– Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Отырар ауданында өткен жылы 10 елді мекенде 15 жобаны іске асыруға 1,1 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, аудандағы Арыс, Шойманов, Көкмардан, Шытты елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе, Шойманов елді мекендерінде мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталып, биыл пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар 8 елді мекендегі 19,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 8 елді мекенде 9 жоба іске асырылады. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 770 млн теңгеге 139 жоба қаржыландырылды. Бұның көбі бюджет есебінен жүргізіліп жатқан жұмыстар. Ауданның өзіндік кірісін көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында істі ширатқан жөн. Биыл алты айда ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту бойынша индикаторлар төмен деңгейде орындалуда. Жұмысты күшейту керек. Ауыл инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар тоқтамайды, – деген Дархан Амангелдіұлы ауданға инвестиция тарту бағытындағы өзекті сұрақтарға да жауап берді. Су үнемдеу технологиясын енгізу, мақта кластерін дамыту маңызды екенін, бірнеше мың тұрғын жұмыспен қамтылатынын атап өтті.
Жиында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 60 пайызға өсіп, 2023 жылы 80 млрд теңгеге жетті. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 34 млрд теңгеден асып, жоспар 5,7 млрд теңгеге артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі өткен жылы 41 млрд теңгені құрап, жоспар 1,7 млрд теңгеге артығымен орындалды.
Кездесуде тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Инфрақұрылым, жер, жайылым, газдандыру, ағын су және өзге де мәселелер көтерілді. Әрбір көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жерді заңдастыру, білім саласы.денсаулық сақтау және басқа да түйткілдер тарқатылды. Қозғалған мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүреді.
Түркістан облысында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, агроөнеркәсіп кешенде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету мақсатында арнайы тапсырма берген болатын. Бұл бағыттағы […]
Сарыағаш ауданында ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беретін «Аqildi bala» мектебі қолданысқа берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, игі іске бастамашы болған жандарға алығысын білдірді. Аталмыш мектепте 100 бала толыққанды білім […]
Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалалы жерде (20%) тіркелген. 2023 жылдың қорытындысымен 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 […]
Пікір қалдыру