Биылғы жылдың басында Қарақай ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуімде өзекті деген 6 мәселе көтеріліп, оның 4-і шешімін тапса, қалған 2-і орындалу үстінде.
Нақтырақ айтар болсам, Кетебай елді мекеніндегі егістік жерлердегі сарқынды суларды қашырту үшін 2 шақырым қашыртқы қазылып, жалпы ұзындығы 15,5 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай – Қараөзек – Атамекен» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу үшін бюджеттен бөлінген 890 млн теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Ал, Кетебай елді мекеніне қарасты Ә.Молдағұлова көшесі жарықтандырылса, аяқжол салу жұмыстарын бастау үшін 3,7 млн теңге қаралған. Сәтпаев елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Алатау, Бірлік, Рысқұлов, Төрекулов, Наурыз көшелері облыстық бюджет есебінен орта жөндеуден өткізілсе, Кетебай-Қараөзек елді мекендерін байланыстыратын жолдың бойын жарықтандыру, Ә.Молдағұлова көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін де тиісті жобалар жасалған.
Сонымен қатар, Қарақай елді мекенінен құны 13,7 млн теңгені құрайтын спорт алаңшасы салынса, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Сатпаев елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын Жеңіс, Құрманғазы, Абай, Белгібаев, Отан көшелерін орта жөндеуден өткізуді бастау үшін қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі. Бұдан бөлек Қараөзек елді мекеніндегі Аққұл – Бірлік көшеслерінің аралығына аяқжол салу жұмыстарын бастауға 7,2 млн теңге бөлінген.
Жиын барысында жыл басынан бері қол жеткізген межелер мен алдағы жоспарларды таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап бердім. Жеке қабылдау өткізіп, өтініш-тілектерін тыңдадым.
Өзінің төл тума бітім-қасиеттерімен, көркемдік мән-мағынасымен халықтың асыл қазынасы саналатын, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан қазақ қолөнерін жетісайлық әжелер «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан төрінде жұртшылыққа дәріптеді. Бүгінде жастары жетпіске асқан […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдайтын жыл сайынғы Жолдауында өңірлер мен елді мекендерде бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын […]
Еліміздің егемендік алғалы үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыздың өзі неге тұрады? Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік […]
Пікір қалдыру