Соңғы жылдары елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бірінші кезекте жөнделуі тиіс жолдардың құжаттары жасақталып, ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасы, төселген тастар мен асфальттардың құрамы, қалыңдығы мен енінің ұзындығы, нығыздалу коэфиценті қатаң бақылауға алынған.
Биылғы жылдың өзінде аудандағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 933 млн теңгеге Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 27,9 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 434,3 млн теңгеге жалпы ұзындығы 11,08 шақырымды құрайтын 10 көшеге, республикалық бюджеттен бөлінген 300 млн теңгеге жалпы ұзындығы 12 шақырым көшеге орташа жөндеу, 66,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 3,92 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ал, 2023 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд 983,5 млн теңге бағытталып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу, 55,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан бөлек, ағымдағы жылы аудандағы қанағатсыз жағдайдағы облыстық маңызы бар 72 шақырым жол, нақтырақ айтар болсақ, КХ-9 «Баққоныс-Мырзашоқы-Жылысу-Қоғалы» 30-44,9 шақырым, КХ-104 «Абыхалық-Баққоныс» 0-8,3 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, КХ-100 «Жетісай-Өзбекстан Республикасының шекарасы» 36-69,3 шақырым және КХ-87 «Кетебай-Қараөзек-Атамекен» 0-15,5 шақырым автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда. Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер […]
Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елде де энергия өндіру қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге қоршаған ортаға энергия өндірудің зияны тиіп, экологиялық ахуал нашарлауда. Баламалы энергия көзі болған күн және жел энергетикасын дамыту және өндіру […]
Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы аграрлық әлеуеті жоғары, ауыл шаруашылығы бағытында үлкен тәжірибесі мен жетістіктері бар өңір. 2025 жылдың маусым айында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар мен […]
Пікір қалдыру