Ордабасы ауданында саяси науқанды өткізу мақсатында 53 дауыс беру учаскесі құрылған. Олардың барлығында дауыс берушілерге толық жағдай жасалған. Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округінің тұрғыны 90 жастан асқан қария Өмірәлі Өтегенұлы №477 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.
«Елімізде болып жатқан маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара — ел болашағына әсер ететін маңызды шешім. Менің жасым 90-да болса да ешқашан саяси оқиғалардан тыс қалған емеспін. Дауыс беруге әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін», — дейді қария.
Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаевын портал оңалту құралдары мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқартуға және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары […]
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Теспе жалпы орта мектебінің оқушысы Әбдіманап Абзал Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап, үлкен жетістікке жетіп отыр. Бұл бүгінде Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл туралы бүгін облыстық адами әлеуетті […]
Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны Айбек Сарибаев мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып, көптен бері ойында жүрген бизнес жоспарын жүзеге асырды. Ол «Бастау бизнесі» бағдарламасы бойынша оқып, сертификат алды. Сосын жас кәсіпкерлерге қолдау ретінде берілетін 505 000 […]
Пікір қалдыру