Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қазынасы» атты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда сындарлы тіл саясаты үлкен маңызға ие екенін айтты.
-Тіл -Тәуелсіздіктің айғағы. Тіл- ұлттық құжатымыз, тіл-келісті келбетіміз. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті — тілде жатыр. Себебі, тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, ең құнды байлығы, қатынас құралы екені даусыз. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатындардың қуаттысы — тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні де Тіл мерекесімен қоса тойланады. Ғасырлар көшінің елге қалдырған ең құнды аманаты — тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етуге шақырамын, деді Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев.
Сондай-ақ, мәртебелі тілді ұлықтаған шараға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Мерекелік шарада мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды.
Тіл – ұлттың қазынасы, достықтың кілті, бірліктің бастауы. Өздеріңізге белгілі осыдан 35 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал мереке 1998 жылдан бері атап өтіледі. Сол жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне байланысты бұл мереке 2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына аралған «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында: -Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетіне жағдай жасай береміз. Қазақтілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келді деп есептеймін деген болатын.
Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі өзге ұлт өкілдері тілдерінің дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде еліміздің 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламасы да қазақ тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деңгейіне бағытталған.
Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайлық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін.
Алайда мемлекеттік тілді дамытуда қызбалыққа салынып, оның қолдану аясын күшпен кеңейтуге ұмтылудың кері әсері болатыны анық. Өйткені, оның соңы ұлтаралық араздыққа алып келуі мүмкін деп атап өткен болатын.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы үшін қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін ған қажеттіліктерді арттыру керек деп, нақты шешімдер ұсынды.
Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мерекелік кеш өтті. Шарада БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам белсенділерімен бірге «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан қаһармандар мен белсенді ерікті жандар қатысты. […]
Түркістан қаласының жуырда ғана тағйындалған әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, руһани астана тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды. Ол бұл жайлы арнайы бейнеүндеу жасап, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. «Құрметті түркістандықтар! Тазалық – тек қаламыздың көркі ғана емес, денсаулығымыз бен […]
Дархан Амангелдіұлы түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесіп, Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективасын талқылады. Бұл жайлы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұы өзінің «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Кездесу барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін […]
Пікір қалдыру