Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты Жетісай ауданында шаруалардың егінінің бітік шыққаны, қырманның өнімге толғаны аса маңызды. Ол үшін өнімге дер кезінде ағын су мен минералды тыңайтқыштардың жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары да уақытылы жүргізілуі тиіс.
Аудан шаруаларының жазғы вегетациялық маусымда ағын судан тапшылық көрмеуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» машиналық әдіспен су көтеру каналында болып, биылғы дайындық жұмыстарымен танысты. Алдағы уақыттарда кездесуі ықтимал кедергілер мен қиындықтарды талқылап, алдын алу шараларын сөз етті.
Айта кетейік, өткен жылы ағын су лимиті 663 млн текше метрді құраған ауданның шаруалары нақты 542,592 млн текше метр су алған. Оның 470,521 млн текше метрі «Достық» магистралды каналы арқылы алынса, 72,071 млн текше метрі машиналық әдіспен су көтеру каналы арқылы жеткізілген.
2023 жылы машиналық әдіспен су көтеру каналының 5 насосы жұмыс істесе, бүгінгі күні 10 насос жұмыс жарамды.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына ауданда орналасқан 778 каналдың, соның ішіндегі республикалық меншіктегі 604, коммуналдық меншіктегі 162 және жекеменшіктегі 12 каналдың шаруаларға қажетті ағын судың дер кезінде ысырапсыз жеткізілуін қатаң бақылауды тапсырды.
Биылғы лимиті 663 млн текше метр суды құрайтын аудан шаруалары секундына 324,514 текше метр су алып, 2248 гектар алқапты суғарып үлгерген. Шілде айынан бастап «Достық» магистральды каналы арқылы көршілес елден келетін ағын судың көлемі 50 текше метрге жеткен.
Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су тапшылығы. Соңғы жылдары Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы егістік алқаптар «Достық» магистральды каналы арқылы жеткізілетін судың мөлшері айтарлықтай азайып отырғаны байқалуда. Бұл – ауыл шаруашылығы басты тірек болған […]
Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, […]
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқараның арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес Жетісай ауданының әкімі […]
Пікір қалдыру