Тазалыққа үндеген акция

Шымкент қаласында «Таза Қа­зақстан» жалпыұлттық эколо­гиялық акциясы аясында арық-атыздардың жа­ғалауын қоқыстан тазарту әлі жалғасып келеді. Ак­ция кезінде жағалаудағы қо­қыстар жиналып, көшет­тер егілді.

«Табиғатты қорғау акциясы жас­тардың санасында отансүйгіштік, туған елге, қоршаған ортаға жанашырлық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Акцияға қаты­­сушылар өзен жағасын арамшөп пен түрлі қоқыстан тазартты», дейді акцияға қатысушы Пердеш Есенбеков

Жыл соңына дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында 19 табиғат қорғау іс-шарасын іске асыру көзделіп отыр. Осы кезге дейін оннан астам сенбілік өткізілді. Сенбілікке 45 мыңнан астам адам қатысты. Қоқыс полигондарына 1 500 тоннадан астам қоқыс тасылды. Өткен аптада акция аясында 1 мыңға жуық көшет егілді. Игілікті шара Атырау қаласындағы «От­басы» сая­бағында өтті. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны  дамыту  департаментінің бас маманының пікірінше, қоршаған ортаға жанашырлық танытатын мұндай іс-шараның маңызы зор. Акцияға қатысқандардың дені – мұнай-газ өнеркәсібінің қызметкерлері. Сондай-ақ қала тұрғындары, спортшылар мен студенттер де қатысты.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осыған орай Шымкент қаласы мен  аудандарда көшет егу, қоршаған ортаны тазалау жұмысы әр сенбі сайын ұйымдастырылып келеді. Ал табиғатты жасыл желекке бөлеудің бірден-бір жолы – көшетті көптеп егу. Бірін­шіден, бұл экологиялық ахуалды жақ­сартады. Екіншіден, атмосфералық ауа са­пасына да оң ықпал етеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*