Қала әкімі осы аптада өткен халықпен есептік кездесулердің нәтижелері бойынша бірнеше нысанды аралады. Кездесулер барысында тұрғындар «Күншығыс» шағынауданында автотұрақ салуды сұраған болатын. Әкім аталған аумақты қарап, аудан әкімдігіне заң аясында автотұрақ салу мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.
Әрі қарай, Еңбекші ауданындағы «Дария – Медикус» медициналық орталығына барды. Мұнда ол медициналық кабинеттерді қарап, қажетті құрал-жабдықтардың қамтамасыз етілуін тексеріп, дәрігерлермен қызмет сапасын талқылады.
«Оңтүстік-Жаңақұрылыс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым жүргізу және уақытша жол салу мәселелері қаралды. Азаматтардың өтініші бойынша, көлік басқармасы балаларды мектепке тасымалдау үшін қоғамдық көліктің тиімді кестесін әзірлеуді міндеттеді.
Көшпелі кездесулер барысында Безделев көшесінің тұрғындары да өз проблемаларын көтерді. Олар мол жауын-шашын кезінде үйлерінің су астында қалатынын мәлімдеді. Бұрын арық жүйесі болған жерде жаңа құрылыстардың пайда болуы дренаж жүйесінің жұмысын нашарлатқан. Қала басшысы арықтар мен лотоктардың жағдайын қарап, жауапты тұлғаларға қосымша су ағызатын құбырлар төсеуді және орталық ирригациялық жүйеге қосу тапсырмасын берді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін осы аумақта жарықтандыру орнатылады.
Әл-Фараби ауданында «Ескі қалашық» шағынауданы, Әйтеке би көшесі, «Қошқар-ата» өзенінің жағалауы және Қонаев даңғылының ағымдағы жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғындар жарықтандырудың жоқтығына, кәсіпкерлік нысандардың тазалық талаптарын сақтамауына және қоқыстың уақытында шығарылмауына шағымданды. Тексеру барысында ескертулер жасалып, абаттандыру ережелерінің бұзылуымен күресті күшейту, бұзушыларға айыппұл салу, бейнебақылау камераларын орнату және өзен жағалауын тазарту жұмыстарын жандандыру қажеттігі айтылды.
Күз мезгілінің соңғы күнінде Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, еріктілер және қала тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Қатысушылар ауданның көшелерін, арықтарын, саябақтары мен аулаларын […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қаратау ауданында жүргізілген аралау барысында заманауи қоқыс жәшіктерін орнату бойынша пилоттық жобамен танысу мүмкіндігі туды. Жоба аясында орнатылған жаңа қоқыс жәшіктерінің сыйымдылығы үлкен болғанымен, олар қоқыс алаңында көп орын алмайды, […]
Шымкент қаласында короновирус инфекциясынан емделіп жазылып шыққандар саны 200-ден асты. Еліміздің үшінші мегаполисінде соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханадан үйлеріне шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар екен. Бұл туралы […]
Пікір қалдыру