САУРАНДА «ТҮРКІСТАН-ҚАРНАҚ» БАҒЫТЫНДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Сауран ауданына қарасты «Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолының 7,8 шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, көпір құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер мекеме «Сервис НС» ЖШС арасындағы келісім-шарт негізінде орындалуда. Көпірдің ұзындығы – 72 метр, ені 9 метр.
Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ескі көпір бұзылып, 72 дана темір бетон қадасы қағылады. Сондай-ақ, ауыр жүк көліктеріне арналған арнайы темір бетон плита орнатылады. Бұдан бөлек, қоршау жұмыстары мен асфальт жабындылары төселеді. Қазіргі таңда ескі көпір бұзылып, 820 метр айналма жолы салынған.

Сонымен қатар, ұзындығы 15 метрді, ені 5 метрді құрайтын көпірдің де құрылысы басталды. Аталмыш жұмыстарды “Meritorium” ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырады.Бұған дейін аудан әкімінің есепті кездесулерінде ауыл тұрғындары тарапынан аталған көпірді жөндеу бойынша мәселе көтерген болатын. Осы негізде көпірді ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша нақты тапсырма берілген. Жөндеуді қажет ететін көпірге қаржы бюджеттен бөлініп, өзен бойындағы тозығы жеткен жаяу жүргіншілер көпірі толық жөнделіп, қайта қалпына келтірілетін болады. Мамандар жаңа нысанның құрылысы жоспарға сай аяқталатындығын айтты. Нәтижесінде ішкі жолдардың сапалылығы артып, қатынас қызметінің жақсаруына ықпал етеді.

Қарашық өзеніндегі көпірге биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Құрылыстың толық аяқталуын аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қадағалап, бақылау жүргізді. Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен «Строй ТДК» ЖШС мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарды атқарды. Мердігер апатты жағдайдағы көпірді толығымен қайта қалпына келтірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*