Түркістан облысындағы барлық аудан орталықтарында референдум күні жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Тұрғындар азық-түлік өнімдері мен көкөністерді нарықтық бағадан 15-20% төмен бағада сатып алып жатыр. Өңір шаруалары өз өнімдерін жұртшылыққа арзан бағада ұсынып, ел алғысына бөленуде.
Солардың бірі, Арыс қаласында «Алтын күз» мерекесіне орай, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені тұрғындармен бірге қала әкімі Гүлжан Құрманбекова аралап, егінді уақытылы жинап алған ауыл еңбеккерлерімен әңгімелесті.
Орталық Әл-Фараби алаңында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен қалаға қарасты барлық ауылдық округ шаруалары қатысты. Жәрмеңкеде барлығы да өздерінің саттықтағы азық-түліктері мен көкөністерін алып келді. Көкөніс, ет, құс еті сүт өнімдері, және жеміс-жидек, бақша мен дәнді дақылдар, картоп, сәбіз, жұмыртқа, т.с.с жалпы көлемі 40-тан астам жуық өнімдер саудаланды.
Жәрмеңкеде диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, жетістіктері жиналған қауымның алдында сараланды. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды. Жәрмеңке көркін ауыл шаруашылық өнімдерінен арнайы жасалған ерекше композициялар қыздыра түсті. Мереке барысында көрермендерге асыл тұқымды қой көрмесі ұсынылды, ал ауыл шаруашылық техникасының көрмесі келушілерге саладағы заманауи жаңалықтарды көрсетуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, шаруалардың тынымсыз тірлігі жоғары бағаланды. Жәрмеңке соңы қалалық Мәдениет үйінде «Алтын Күз» мерекелік концертке ұласты.
Атом электро станция — электр энергиясының көзі. Елдің энергетикалық қауіпсіздігі-мемлекет экономикасының тұрқты дамуының және тұрғындардың сапалы өмірінің кепілі. Қазақстанда атом электростациясын салу мәселесін энергетиктер бір неше жылдан бері талқылап келеді. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев, атом электро […]
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті — туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған […]
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі — ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы […]
Пікір қалдыру