Шардарада жылына 600 тонна балық өндіретін жаңа зауыт ашылды

Шардара ауданында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында тағы бір балық зауыты  ашылды. Жылына 600 тонна балық өнімдерін өндіруге қауқарлы зауыт «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығы арқылы 42 млн. теңге көлемінде төменгі пайызбен несие алған.


Бүгінде 30 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, балық өсіруді де қолға алмақ.
Қазіргі күні мұнда балықтың филе, мұздатылған және ысталған түрлері өндіріліп отыр. Ал өндірілген өнім  Еуропа елдерінің нарығына  шығарылуда.
Шардара ауданы бойынша «Саодат» ЖШС-інің балық зауыты балық өңдеумен айналысатын 4-ші кәсіпорын. Бұған дейін жұмыс істеп келген «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауыты, «Шардарабалық-1» пен жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауыттары былтырғы жылы жалпы 4 мың тоннаға жуық балық өңдеп, 3,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның 80 пайыздан астамы шет елдерге экспортталды. Ал жаңадан ашылған кәсіпорындар есебінен биыл өнім көлемін 30 пайызға арттыру  жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*