«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Жаһанды алаңдатып отырған экологиялық проблемалармен қоғам болып күреспейінше, нәтиже аз. Сондықтан, елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экономикалық іс-шаралардың мәні тереңде жатыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр.

Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Оның ішінде, Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданы, Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағынауданында, Қаратау ауданы, Тұран шағынауданының, Әл-Фараби ауданы «Забадам» шағынауданының орталық көшелерінде және Еңбекші ауданындағы 12 шағынауданында ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан тұрғындары тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты.

Су және жер ресурстарын, жасыл желектерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық дүниетанымға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тазалық іс-шараларына қатысушылар, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, белгіленген тәртіппен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Құжатты Үкімет биыл 15 қазанда мақұлдады, құжат бекіту сатысында тұр.

ОКҚ алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев хабарлағандай, тұжырымдама бойынша жұмыстар «Ашық НҚА» порталында орналастырудан басталды, бұл бүкіл қоғамды жария талқылау процесіне барынша тартуға мүмкіндік берді.

Экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру, экологиялық білім мен практиканы дамыту, сондай-ақ экологиялық саясатты тиімді іске асыру тұжырымдаманың негізі болып табылады. Бұл кешенді шешімдер мен халықтың барлық тобының белсенді қатысуын талап етеді.

Азаматтардың саналылығы мен жауапкершілігі, экологиялық ақпараттың қол жетімділігі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескеру тұжырымдаманың негізгі принциптеріне жатады. Бұл принциптер барлық ұсынылған шараның негізін қалайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*