Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Апта сайын ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына Жейделіліктер белсене қатысуда
“Таза Қазақстан” акциясы аясында үлкен жалпықалалық сенбілік өтті.
Бұл іс-шараға коммуналдық қызметкерлер, кәсіпкерлер, тұрғындар және ерікті жастар белсене атсалысты. Барлығы бірге қала тазалығын сақтап, көше бойларындағы қоқыстарды жинауға және айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Мұндай іс-шаралар қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға зор ықпал етеді.
Сенбілік Жиделі шағын ауданында өтті, онда көшелер мен скверлер тазартылды.
Өткен аптаның сенбісінде өткен тазалық жұмыстарына 2786 адам қатысып, ақылы қоғамдық жұмыстардан 497 адам тартылды. 784 шаршы метр елді мекен абаттандырылып, 379 дана тал дарақтар отырғызылды. 1283 дана ағаштардың бұталары реттелді. 11 қоғамдық ғимараттардың бас келбеттері, тұрғын үйлердің сырт пішіні мен қоршауы ретке келтірілді. 33,3 шақырым каналдар және арықтар, 11130 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтары, 10 ескерткіштердің айналасы тазаланды. 29 кездейсоқ қоқыс орындарды жойылып, 67,7 шақырым көше, аулалар тазаланды.
Айтулы шараға бөлім, мекеме, ұйым қызметкерлері біркісідей қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Тазалық – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Тазалық бар жерде – ырыс, береке болары сөзсіз. Жинақылық – адамның көңілін көтеріп, жұмыс істеуге деген құлшынысын арттырып, өмірдің мәнін түсінуге жетелейді. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Сондықтан, өңіріміздің көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге тастамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды, ауылымызды таза ұстаудан басталатыны белгілі.
Алдағы уақытта да тазалықты сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Түркістан сарайы» ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде АЭС бойынша референдумға дауыс беруге қатысты. Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін […]
Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау […]
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдама» аясында Шымкент қаласында биылғы жылдың тамыз айынан бастап 15 көппәтерлі тұрғын үйге модернизация жұмыстары басталған болатын. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Жангельдин көшесі №16 бес қабатты тұрғын […]
Пікір қалдыру