Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың Абай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында, қоқы тасушы компания жұмысына шағымданғандар болды.
Нақтырақ айтқанда, Ескі Тельман елдімекенінің тұрғыны қоқыс тасушы компаниялар қызмет ақысына тұрғын үйдің әр тұрғын үшін алады. Бірақ, қоқысты 4 қаптан артық әкетпейтінін жеткізді. Жұмыс жүргізудің мұндай тәсілі тұтынушы үшін әділетті емес екенін айтып, шағымданды.
«Негізі бұл жерде тұтынушы мен қоқыс тасушы компания арасында келісім шарт болады. Сол құжатта әр үйден артылатын қоқыс көлемі, қанша адамға қызметақы төленетіні жазылады. Егер, сол келісім шартта көрсетілген жұмыстар орындалмаса, құзырлы органдарға шағымдана алаыздар. Сол себепті, келісім шартқа мұқият болып, оның орындалун тұрғындардың өздері бақылауға алған жөн. Бұл араға әкімдік араласа алмайды. Егер, біз құжатта көрсетілмеген нәрселерді талап етер болсақ, бизнеске қысым жасағанай боламыз»,- деді қала әкімі.
Алайда тұрғындар ондай келісім шартты жасалмағанын алға тарты. Осыған орай, Ғабит Әбдімажитұлы, салаға жауапты басшыларға қоқыс тасымалдаушы компаия өкілдерін тұрғындармен кездстіріп, жиын өткізуді тапсырды.
Мұнан өзге, тұрғындар Ескі Тельман елдімекеніндегі мешіт маңында игерілмей жатқан бос жер бар екенін айтады. Қала әкімінен сол жерді абаттандырып, балалар ойын алаңын саып беруді сұрады.
Пікір қалдыру