Тұран ауданы әкімі аппаратының жұмыс жоспары аясында «Тұлпар» базарының 200-ден астам кәсіпкерімен ауқымды кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге өзекті мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат беру және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру болатын.
Атап айтқанда жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары- Б.Жалмұрзаев, «Ай-Нұры» емханасының дәрігер терапевтіА.Кушерова, «Ыбрай қажы» мешітінің имамы Н.Бахытжанұлы, Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Б.Бише, «Отбасы банк» өкілі А.Отыншиева қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің жекеменшік аумағын таза ұстау және абаттандыру, жалпыұлттық бірлікті нығайту және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, медициналық сақтандырудың тиімділігі мен маңызы мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты әрбір адам жанына серік ету керек. Аудан шырайын шұғылалы ету мақсатында биыл да ауданды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Тазалықты ретке келтіру бағытында аудан аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстым. Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына апта сайын барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде ауданның кіреберіс аймағын, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарының сыртқы қоршауларын сырлау, талдарды әктеу, парктер мен аллеяларды тазалау, орталық көшелер мен қоғамдық орындардың айналасын толық қамтыған тазалық жұмыстары қарқындыжүргізіліп жатыр»,- деді кездесуде аудан әкімі Берік Әшірбеков.
Тұрақты сенбілік жұмыстары барысында күн санап көшелердің келбеті жаңаруда.
Аудан әкімінің бұл бастамасын кәсіпкерлерде қолдайтындықтарын жеткізді. Апта сайын кәсіпкерлік нысандарының аумағында жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылып, жұмысшылар табиғат тазалығын сақтауда белсенділік танытып жатқанын айтады. Олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген аудан тұрғындары «Аула тазалығы – баршамызға ортақ» деген ұранды ұстанып, ұйымшылдықпен сенбілікке шығады екен.
«Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса, ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді. Кез келген адам өз ауласының, тұрғылықты жерінің таза да әдемі болғанын қалайды. Сенбіліктің тазалыққа пайдасы зор. Сенбілікке шығып, талдарды әктеп, айналаны сыпырып, қоқыстарды жинап жатырмыз. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Жанға рахат, көңілге шаттық сыйлайтын тазалық шараларына алдағы уақытта да аудан тұрғындары белсене қатысса, нұр үстіне нұр болар еді. Ауламызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек, санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн. Тұартын жеріміздің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармау керек, – дейді кәсіпкерлер.
Жиын барысында заңдылықтарды сақтау, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттік бағдарламалардан тиімді ақпарат алу мәселелері кеңінен талқыланды. Әрбір сұраққа нақты жауап беріліп, қатысушылар ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.
Шымкентте кезекті «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды тазалық іс-шарасы өтті. Бұл бағдарлама Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған және халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ ел мен жерге деген жанашырлық […]
Бүгінде Рухани астанамыздың көркейіп гүлденуіне күллі қазақ елі атсалысып отыр. Ал, өңір тұрғындары шаһардың тазалығы үшін қол ұшын беруде. Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Айта кетейік, тазалық шарасына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, […]
Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті. Тәртіп пен тазалықтың үлгісі болған шараға облыс орталығындағы мәдениет және өнер мекемелері де атсалысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өздеріне бекітілген аумақта 100-ге жуық мәдениет қызметкерлері тиісті жұмыстар атқарып, жоспар бойынша көше […]
Пікір қалдыру