Үш қытай жабылып француз әнін бір Димаштай айта алмады (видео)

Қытайдың «Хунан ТВ» телеарнасындағы «Кел, менімен бірге ән шырқа» бағдарламасында отандасымыз әнші Димаш Құдайберген қонақта болды.

Бағдарлама барысында байқағанымыз, «Singer-2017» байқауынан кейін Аспан асты елінде Димашқа еліктеушілер көбейген. Олар тіпті, Димаш сол байқауда шырқаған әндерді орындап, бейне таспаға түсіріп әлеуметтік желілерде жариялапты. Қазір Қытай әлеуметтік желілерінде мұндай видеолар көптеп кездеседі екен.  Солардың ішінде, Димаштың әндерін сәтті шырқаған 3 үміткерді бағдарламаны ұйымдастырушылар Құдайбергенмен бірге ән салуға шақырған. Алайда, Қытайлық үш азамат «S.O.S. D’un Terrien En Detresse» әнін үш дауысқа салып айтса да, Димашқа жете алмады. Нақтырағы төменгі және жоғарғы ноталарда олардың даусы айнып, Димаш көмектесіп тұрды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*