Ерлік-әрдайым елдің есінде

Қайта келмеске кеткен сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, Отан алдындағы парызына адалдық танытқан батырлардың бүгінгі ұрпағы бақытты ғұмыр кешуде. Осынау бейбіт өмірді сыйлаған аталарға деген құрметін түрлі іс-шаралармен көрсетіп келеді. Бүгінде ортамызда көзі тірі, соғыс ардагерлерінің жай-күйін білу қалыпты жағдайға айналған. Осы ретте, облыстық  жастар саясаты мәселелері  жөніндегі  басқарма  басшысы  Балмаржан Нарбекова мен жастар ресурстық орталығының  қызметкерлері бастаған ерікті топ 7 мамыр — Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шаңырақтарына  арнайы барып, ардагерлерді қос мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, жастар қауымы ардақты аталардың тұрмыстық жұмыстарына да қолқабыс көрсетіп, ризашылықтарына бөленді.

Жастар кездесу барысында соғыс куәгерлерінің басынан өтен оқиғалары жайлы сұрасып, ондағы есте қалған сәттері жайлы сыр алысты. Ардагерлер қамқорлық танытып жүрген жастарға ақ батасын бере келе, ізгі тілектерін де жеткізді. Аталмыш  шаралар жыл басынан бері аудан, қала жастарының қатысуымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*