ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН – ҰЛЫ ЖЕҢІС!

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің аталарымыз бен әжелеріміздің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.


Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Соғысқа қатысқан майдагерлеріміз бен өмірден озған ата-баба рухына құрмет көрсетіп, тарихымызға тағзым ету мақсатында, бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай, «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» іс-шарасы аясында Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партия мүшелерінің, мекемелер мен бөлім қызметкерлері мен жастардың қатысуымен іс-шара өтті.
Салтанатты шараға 2000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.


Шара барысы қаламыздағы Жеңіс скверінде жалғасын тауып, қаза болған ардагерлерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, Ұлы Отан соғысының ардагері М.В.Третьяков, қалалық «Ардагерлер кеңес» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Исламбековтер Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады.
Сондай-ақ, қаламыздағы 7 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың арнайы құттықтаулары табысталды.
Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, Арыс аспанын әнге бөледі.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*