ОҚО тұрғындары 2020 жылға қарай 100 пайыз сапалы электр энергиясымен қамтылады

Оңтүсітк Қазақстан облысының халқы 100 пайыз электр қуатымен жалпы қамтылған. Дегенмен бұл барлығы керемет деген мағынаны білдірмейді. Себебі, 149 елдімекенде қуат сапасы сын көтермейді екен. Бұл жайлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында журналистерге берген брифинг барысында айтты. Елдімкендердегі жеке тұрғын үйлерді салу барысында рұқсатсыз электр жүйелеріне қосып алған. Оның үстіне техникалық талаптарға да сай келмейді.Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы қуат көзімен қамту мәселесі кеңінен қаралып, 2017-2020 жылдарға арналған электр энергиясымен қамту жоспары жасалды. Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласында «Бозарық», «Астана 1,2» қосалқы станцияларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қуат бекеті болашақта 430 мың тұрғынды жарықпен қамтитын болады. Сондай-ақ, «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысын ағымдағы жылы басталмақ. Егер, құрылыс жұмыстары межелі уақытта бітер болса, Мақтарал, Сарыағаш және Шардара аудандарына қуат жеткізіліп 705 мың тұрғын сапалы энергияға қол жеткізеді. Биылдың өзінде 87 елді мекеннің халқы сапалы электр қуатымен қамту үшін бюджеттен 11,5 миллиардрд теңге қаралғанын айт кетейік.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*