ОҚО-да жергілікті билік инвесторлармен бірігіп екі ірі жобаны жүзеге асырмақ

Бұл жөнінде Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылу жайын баяндаған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Оның бірі Қазығұрт ауданында жүзеге аспақ. Яғни, қасиетті мекенде  биыл құны құрғақ сүт және сары май шығару зауытын салып, іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны  603 миллион теңге болмкақ. Ал, қуаттылығы жылына  17,5 мың тонна сүт өнімдерін шығарады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, Ордабасы ауданындағы «Ордабасы-Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күрке тауық етін өндіру өндірісінің қуаттылығын жылына 25 мың тоннаға ұлғайту  көзделіп отыр.

сурет baq.kz сайтынан алынды

Бүгінде «Ордабасы құс» компаниясы – Еуразиялық экономикалық одақта орналасқан ең заманауи кешендердің бірі. Бұл Қазақстан мен орта Азия бойынша бірінші және әзірге жалғыз күркетауық өсіретін жоба болып табылады. Кешенде өндірілген өнімнің 40 % Еуроодақ елдеріне экспортталды. Сол себепті, бұл жоба да жүзеге асар болса, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берері хақ.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*