ОҚО халқының саны соңғы 18 жылда 47 пайызға өскен

Бүгінде еліміздегі халықтың 55 пайызы Қазақстанның оңтүстігінде тұрады екен. Ал, қазір Республикамыздағы әрбір 5-бала  Оңтүстік Қазақстан облысында туылатын көрінеді. Бұл жөнінде Мақсат Имандосов есімді азамат өзінің «фэйсбук» парақшасында жариялады.Имандосов келтірген статистикаға сүйенсек, еліміздің солтүстігі мен шығысында демографиялық дағдарыс байқалады. Ал, батысы мен оңтүстігінде керісінше халық санының өсімі  жоғары. Мәселен, 1989-жылы Шымкент қаласында 393 мың адам тұрған. Ал, 1999-жылы халық саны 419271-ге жетіпті. Бүгінде шымкенттіктер 932415-ке жетіп, шым шаһар миллионды қала атанудың алдында тұрғанын айта кету керек.Мұнан бөлек,  1999-жылы оңтүстікқазақстандықтардың саны 1,97 миллион болса, қазір 2,9 миллионды құрап отыр. Демек, оңтүстік жұрты 18 жыл ішінде шамамен 1 миллионға көбейген.

Бір қызығы, бүгінде түстіктегі демографиялық көрсеткіштердің өскені соншалық, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақмола, Ақтөбе облыстарында туылған балалар саны мен Оңтүстік Қазақстан облысында туылған балар саны бірдей екен.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*