ОҚО-да БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада қыза түсті

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасындағы дәстүрлі Спартакиаданың екінші күнгі бәсекелері де тартысты өтті. 100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру және арқан тарту сайысының жеңімпаздары анықталды.Желаяқтар сайысында «Ернұр» корпорациясы мен «ТВК» телеарнасы қызметкерлерінің бағы жанды. Ерлер сынында Жанболат Қалаубай үздік шықса, арулардың бәсекесінде Дария Данилова мәреге бірінші жетті.
Ұзындыққа секіру бойынша бұл жолы Асхат Мырзахметов («Қазақстан-Шымкент ТА) қарсыластарын басып озды. Әйелдер арасында Дария Данилова бұл сайыста да жеңімпаз атанды.Арқан тарту сайысы көпшіліктің делебесін қоздырды. Барлық командалар білектің буырқанған күшін көрсетті-ақ. Алайда «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының қызметкерлері биыл да бас жүлдені ешкімге берген жоқ. Олар шешуші сында «Южный Казахстан» газеті қызметкерлерінен жеңісті жұлып алды. Үшінші орынды иеленген – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің өкілдері.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлері құттықтаймыз!

100 метрге жүгіру. Ерлер:

I орын – Жанболат Қалаубай /Ернұр-пресс/ – 12,94 сек.
II орын – Камал Каримов /Ернұр-пресс/ – 13,11 сек.
III орын – Сапарғали Қанат /Шымкент келбеті/ — 13.39 сек.

100 метрге жүгіру. Әйелдер.

I орын – Дария Данилова /»ТВК» арнасы/ – 15,45 сек
II орын – Айза Балтабаева /»ТВК» арнасы/ – 16,19 сек
III орын – Ақжібек Мұстафина / «Шымкент келбеті» / – 17,19 с.
Ұзындыққа секіру. Ерлер.

I орын – Асхат Мырзахметов /»Қаз-Шымкент» ТА/ – 2,68 м
II орын – Серғали Жарылқасын /»Қаз-Шымкент» ТА/ – 2,55 м.
III орын – Сағынғали Мүтәліп /»Ернұр-пресс»/ – 2,52 м.

Ұзындыққа секіру. Әйелдер.

I орын – Дария Данилова /»ТВК»арнасы/ – 2,10 м
II орын – Айза Балтабаева /»ТВК» арнасы/ – 2,00 м
III орын – Ақжібек Мұстафина /»Шымкент келбеті» – 1,88 м

Арқан тарту:

I орын – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы
II орын – «Южный Казахстан» газеті
III орын – «Оңтүстік Қазақстан» газеті

авторы: Тағабай Қасымов.

суретті түсірген: Береке СЕЙІТЖАППАР.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*