Ордабасылықтар фармацевтикалық өнімдерді экспорттап жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Ордабасы ауданындағы «Сейтбек әулеті» мен «Бастау фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орнында барды.  Бұл кәсіпорын фармацевтикалық қызметпен, дәрілік өсімдіктерді және оның шикізаттарын дайындаумен айналысып жатыр. Өндіріс орнының жылдық өнімінің көлемі 3 мың тоннадан асады. Бүгінгі таңда «Бастау фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайын өнімдерді ішкі және сыртқы нарыққа экспорттап жатыр. Өндіріс орнының жоба құны 1 200, 0 миллион теңгені құрап отыр.  Мұнда бүгінде жаңа жұмыс орындары ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылған.Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы мұнан соң  «Онтинур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2,1 гектарға орналасқан жылыжайын да аралап көрді. Көлемді жылыжайды «Казагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырған. Ал, бұл жобаның жалпы құны 143 миллион теңгеге жетіп артылады. Мұнда да жаңа жұмыс орындары пайда болып, қазіргі таңда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы аудан бойынша бүгінде 68,45 гектарда 84 жылыжай орналасқан.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*