ОҚО-да «Самғау» қысқаметражды бейнефильмдер кинофестивалі өтті

2017 жылғы 22 қыркүйек күні облыстық «Жастар ресурстық орталығында» алғаш рет жас режиссерлар арасында облыстық «Самғау-2017» қысқаметражды бейнефильмдер кинофестивалі өтті.Байқаудың мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттай отырып, жүзеге асыру;

ОҚО жас режиссерларын және дарынды жастарын қолдау және таныту;

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Ұлттық мәдениетті сақтай отырып, дамыту, патриотизм, туризм, спорт, жемқорлық, мотивациялық, отбасылық құндылықтары мен әлеуметтік мәселелерді қамти отырып, қысқаметражды бейнефильмдер арқылы жастарға ой салу;

Жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру.

Байқауға аудан, қалалардағы байқау бағдарламаларының талаптарына сәйкес кино-видео саласында тәжірбиесі бар 14-29 жас аралығындағы жастар мен осы критерийге сәйкес келетін маманы бар киностудиялар қатысуда.

Байқау жеңімпаздары 1 орын үшін 500 000 тенге, 2 орын – 300 000тг, 3 орын – 200 000тг, «Үздік актер» номинациясы бойынша – 100 000тг, «Үздік актриса» — 100 000 тенге қаржылай сыйлықтармен және арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*