Ж.Түймебаев: Кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын негізгі құралдың бірі

Кино – кез келген мемлекеттің мәдени айнасы екенін, Шымкентте басталған түрік киноларының апталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтты. Ол халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналатынын жеткізді.«Бүгінде бүкіл әлем кино мен телехикая саласына үлкен ден қойып  жүр. Біздің елімізде де кино саласына жіті көңіл бөлініп, кеңінен насихатталып келеді. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын негізгі құралдың бірі. Сондықтан да, кез — келген мемлекет өз киноиндустриясының дамуына зор мүмкіндіктер жасайды. Ал кино мен анимация саласы да Оңтүстік Қазақстан облысында да дамып келе жатыр. Кино саласында жүрген азаматтар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткен ұлттық рухты арқау еткен дүниелерді түсіру  арқылы өскелең ұрпақтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриоттыққа тәрбиелеуіміз қажет. Осы бағытты мақсат тұтқан облысымыздағы жеке киностудиялардың 40-тан аса көркем фильмдері көрерменге жол таратты»,-деді әкім.

Айта кетейік, 1 қараша күні сағат 20.30-да «Спецназ в Сирии» фильмінің көрсетілімі 5-ші залда; 2 қараша күні сағат 18.00-де «120»  фильмінің көрсетілімі, сағат 20.10-да «Длинная история»  фильмінің көрсетілімі 3-ші залда өтеді; 3 қараша күні сағат 18.00-де «Моя любовь», сағат 19.45-те «Джан» фильмдерінің көрсетілімі 3-ші залда өтеді; 4 қараша күні, сағат 18.00-де «Свет моих очей», сағат 19.35-те «Последнее письмо» фильмдерінің көрсетілімі 3-ші залда өтеді; 5 қараша күні, сағат 19.35-те «Старик пекарь: Секрет любви» фильмінің көрсетілімі және «Түрік фильмдері апталығының» жабылу салтанаты «Shymkent plaza» ойын-сауық сауда орталығының 3-ші қабатында өтеді.

Еске салайық, түрік фильмдері апталығында өтетін барлық кинолар ақысыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*