Аспандияр Адиев: «Адал еңбектің жемісі ешқашан зая кетпейді»

Аспандияр Адиев –жоғары білімді жас кәсіпкер. Оңтүстік қазақстан облысы, Түркістан қаласының тұрғыны. Еңбекте-адал, жан-жақты ізденімпаз, 2013 жылдан бастап шаруа қожалығының басшысы.Кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?

Өзім қарапайым отбасында дүниеге келгенмін. Ауылда өстік. Ауыл тұрғындарының жұмыссыз жүргенін көріп жас та болсам жүрегім ауыратын. Ер жетсем басшы боламын, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтимын деген түйін ойға еріксіз оралатын. Арнайы кәсіп ашуға қаржым жоқ болғандықтан несие алуға тура келді. Жоспар құрдым, үлкен кәсіп иелерінен кеңес алдым, мал шаруашылығы немесе егін шаруашылығымен айналыссам деген байламға келдім. Құрған жоспарым бірнеше рет сәтсіз болып шықты. «Бастадың ба аяғына дейін жеткіз» деген жақындарымның сөзі мені одан сайын қанаттандырды. Соңғы жасаған жоспарымды Ауылшаруашылыңғын қолдау қорына таныстырып мемлекеттен несие алдым. Пайыздық мөлшерлемесімен 3 миллион қаржыға алғашында жоңышқа егіп бастадым, содан қора салып 100 бас қой алдым. Осылыай басталып кетті.

Кәсіп орта жолдан тоқтап қалмас үшін ең алдымен қандай жағдайларға аса мән берген жөн деп санайсыз?

Әр өңірде өзінің кенде қалып бара жатқан өндірістеі болады немесе сол аймақтарда жетіспей тұрған өнімдері болады. Міне, сол жағына мән беру керек. Қай жерден не өндіру керек. Ал, керісінше тауар жеткілікті жерге сен де дәл сол тауарды өндірмек болсаң басталмай жатып сағың сынуы ғажап емес.

Сонда табысты кәсіпкер қандай болуы керек?

Өз жасап жатқан әрекетің қалауыңмен жасалынса, сен ол үшін аянбайсың, маңдай теріңді төгесің. Ал адал еңбекпен тапқан табыстың жемісі ешқашан зая кетпейді.

Қызыққан дүниеңе тереңірек үңіліп қара. Зерттеп, зерделеу керек. Екі шұқып бір қарау алар асуыңның жарты беліне де жете алмай қалуың мүмкін.

Тұрақтылық керек. Әр істің басын бір шалып, бірі болмаса, бірі болар деген ол бекершілік.

Ауыл адамдарына қаншалықты жұмыс тауып бере алдыңыз?

Қолымыздан келегенінше екі қолға бір күрек тауып беріп отырмыз. Алғашында егінге жауапты алдым, содан кейін алғашқы 100 бас қойға екі қойшы қарайды. Одан бөлек алма бауымыз бар. Ол бақшаға барайтын бағбан да өз еңбекақысын алып жүр.

Ол 100 бас бүгінде көбейге шығар?

Ия, 400 бас қой болды. Біз әзірге бордақылау цехын ашқан жоқпыз. Тек қойларды тірідей бағалап өткізіп отырамыз.

Жалпы шаруашылыққа берілген жердің көлемі қандай?

Мал шаруашылығына 100 гектар жер бөлінген. Ал егінмен 17 гектар жерге еңбек етіп жатырмыз. Бау бақшамыз бөлек 5 гектар жерді құрайды.

Алдағы жоспарыңыз қандай?

Жоспар да, мақсат та өзгерген жоқ. Осы жұмысымды одан әрі үйлкейту. Тек қой ғана емес ірі қаралардың санын еселеу. Сонымен бірге Мал бордақылау цехын ашу. Оңтүстік өңірін оның ішінде Түркістан аймағын арзан әрі сапалы ет өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету. Бұл күндер де алыс емес. Арнайы ет дүкендерін ашу бас назарға алынып отыр бүгінгі таңда.

Сондай-ақ, 5 гектар жерге егілген алма мен жүзімді де халыққа жеткізсек деген ой бар. Осы аталған жағдайлар жүзеге асып жатса ауылымызда жұмыссыз жүрген адамдар қалмас еді деп ойлаймын.

Сұхбатыңызға рахмет!

вторы: Гүлнұр Асқарбекқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*