Бәйдібекте «тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында «Тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңес өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары А.Қаныбековтың  жетекшілігімен  өткен  іс-шараға     ауыл  шаруашылығы саласының мамандары, қаржы  ұйымдарының өкілдері  мен  аудандардан  жиналған  шаруалар  қатысты.  Семинар кеңестің  тәжірибелік бөлімі Ақбастау ауылындағы Домалақ ана кесенесі маңындағы тұт бауында жалғасты. Аталған бау облыс әкімінің  бастамасымен жүзеге асқан «Шатқал» бағдарламасы аясында егілген. Баудың жалпы аумағы 55 гектарды құрайды.  Оның 30 гектарына тұт ағашы, ал  25 гектарына шырша ағашы отырғызылған.  Дәл осы бауда жеке шаруа Сұлтан Бакиров жиналғандарға жібек шаруашылығының көпшілік білмейтін құпияларын айтып, өз  тәжірбиесімен бөлісті. 6 жылдан бері жібек өндірісін зерттеп жүрген  Сұлтан Бакиров биылдан бастап  жібек құртын өсіруге кіріскен. Оның айтуынша, жібек құртынан жылына 4 мәртеге дейін  жібек талғашығын алуға болады. Кәсіпкер алғашқы айналымның өзінен 110 келі  жібек алуды жоспарлап отыр. Жобасы толықтай жүзеге асса, ол жылына шамамен 40-50 тоннаға дейін  жібек талшығын өндіріп, 1000- нан астам жаңа жұмыс орындарын ашпақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*