ОҚО-да жыр-терме жанрын насихаттауға арналған семинар-кеңес өтті

Жыр-терме жанрының қазақ өнеріндегі орны ерекше. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып атадан балаға мирас өнерді кеңінен насихаттау, жыршылар мен термешілердің бай мұраларын елге таныту, дамыту мақсатында Кентау қаласы, Ш.Қалдаяқов атындағы мəдениет үйінде «Қазақтың дəстүрлі өнер, жыр-термесі» аудандық, ауылдық мəдениет үйлері мен клубтардың дəстүрлі əнші, жыршы-термешілеріне арналған облыстық семинар өтті.

Шара Қаратаудың арқалы сері жырауы Бекболат Ердəулетұлының өнердегі шығармашылығына арналған көрме тамашалаудан бастау алды. Басқосуда Кентау қалалық фольклорлық ансамблі, жыршы-термешілердің концерттік бағдарламасы көршілік назарына ұсынылды.

Семинар барысында «Жыр-терме өнерінің тарихы мен дамуы» тақырыбында Бүкілодақтық халықтар творчествасы фестивалінің лауреаты, жыршы, Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылдық мəдениет үйінің меңгерушісі Бөріханов Абылай Асқарұлы, «Қазақтың дəстүрлі əндері» тақырыбында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы фольклорлық зертханасының ғылыми қызметкері, дəстүрлі əнші Пазылова Айткүл Раманқұлқызы, «Дəстүрлі əн айту ерекшеліктері» тақырыбында ҚР Мəдениет қайраткері, республикалық байқаулардың лауреаты Оспанов Абылайхан Əлкенұлы баяндама оқып, пікір алмасса «Жыршылық-жыраулық өнер», «Жыршылық өнердің негізгі ұғымдары», «Терме сөздің тұнығы» сынды бірқатар ауқымды мəселелер де семинар қатысушыларымен бірлесе талқыланыланды.

Семинар аясында жыршылық, термешілік, дəстүрлі əн айту жанрлары аясында шеберлік сабақтары жүргізілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*