«Ордабасы құс» ЖШС болашақта 100 жұмыс орны ашылмақ

Ордабасы ауданындағы  «Ордабасы құс» ЖШС-нің кешені жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн.теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңі индустриаландыру картасы аясында 2010 жылы іске қосылып, жылына 4828 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге қол жеткізді. Сол жылы 280 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.Инвестициялық құны 2 млрд. 330 млн.теңгені құрайтын жобаның екінші кезеңі  2014 жылы жүзеге асты. 140 жұмысшымен толыққан фабика өнімі екі есеге ұлғайды. Ал, былтыр басталған жобаның үшінші кезеңі келер жылы іске қосылады деп күтілуде.  Егер жоба толық жүзеге асса,  мұнда  жылына 20000 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Қазір мұнда «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жобаның инвестициялық құны 10 млрд. 150 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үндік фабрикасына 53 млн. теңгеге газ құбыры тартылған. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорында бүгінде 415 адам тұрақты жұмыс істейді.

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*