ОҚО-да егін ору науқаны басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы республикамызда алғаш боп егін ору науқанын бастап жіберді. Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік коооперативіне қарасты егістік алқабына комбайндар түсіп, бидайдың алғашқы өнімі  қамбаға жөнелтілді. Егіс ору науқанының куәгері болған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  аудан басшылығына алдағы жылдары арпа, бидай егіс көлемін арттырып, оны  экспорттау мен тұқымдық сапасын жақсарту мәселесіне назар аударуды жүктеді.    «Өкінішке орай, облысымызда тұқымдық сорттардың зерттеліп, саралануы жоғары дәрежеде емес. Сондықтан шаруалар шамалары келгенше жергілікті сорттарды пайдаланып келеді. Осыған байланысты қазір ақ егіс тұқымдарының сапасын реттеу үшін арнайы  бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Себебі, егін егуде тұқымның сапалы болуы өте маңызды»,- деді Жансейіт Қансейітұлы. 

     Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында  биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналады деген жоспар бар. Мәселен, бір ғана  Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті.  Диқандар гектарына 25,4  центнерден өнім жинаймыз деп ниеттеніп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*