ОҚО-да жыл соңына дейін 116 нысан ел игілігіне берілетін болады

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 209 нысанның 116-ын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 қыркүйек күні 20 мектеп ел игілігіне берілмек. Аталған 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд. теңге бағытталған. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж. Түймебаевтың қатысуымен өткен селкторлық отырыста облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.Құрылысы жоспарланған 209 нысанның 93-і 2018 жылға өтпелі. Атап айтқанда, 79 білім беру нысаны, 38 денсаулық сақтау нысаны, 1 әлеуметтік қамту, 3 спорт, 4 мәдениет, 1 ауыл шаруашылығы, 1 ішкі істер органның, 1 мұрағат, 2 абаттандыру, 1 қоршаған ортаны қорғау, 57 тұрғын үй және 21–инженерлік-коммуникациялық нысанның құрылысы жоспарланған.

«Білім беру саласына жалпы 79 (76 мектеп, 1 мектеп-интернат, 2 колледж) нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуге 31,2 млрд. теңге бағытталған, оның ішінде ұлттық қордан – 17,4 млрд. теңге қаралып, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 32 мектеп құрылысын жүргізу жоспарланған. 32 нысанның 19-ы 2016 жылдан өтпелі болып, 19-ын пайдалануға беру жоспарда бар. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілген. 2017 жылы құрылысы жоспарланған 13 мектеп 2018 жылға өтпелі», — дейді Құттыбек Рахматуллаұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*