ОҚО әкімі: Жылу маусымына дайындық жұмыстары 25-тамызға дейін толық аяқталуы керек

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен келелі жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылысы барысын жайлы өңір басшысына баяндады.Сонымен қатар, жиын барысында қысқы маусымға дайындық барысы да кеңінен талқыланды. Осыған орай, әсіресе білім ұялары мен әлеуметтік нысандардың қысқа әзірлігіне жіті мән берілуі керектігі айтылды.  Қазіргі таңда, жалпы облыстағы 3209 бюджеттік мекемелер бар болса, соның алдағы жылу маусымына дайындалғаны 2677-іні құрап отырғанын айта кеткен жөн. «Жылу маусымына дайындық жұмыстары 25-тамызға дейін толық аяқталуы керек. Жылыту маусымына қажетті көмір, сұйық отын, мазут секілді қажеттіліктер осы айдың соңына дейін жинақталып, қорда тұруы тиіс. Бұл ретте аудан-қала басшылары мен тиісті сала басшылары апталық есеп беріп отыратын болады», — деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*