ОҚО-дағы ХҚКО мамандары жарты жылда 3 млн.нан астам қызмет санын көрсеткен

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсеиітов айтты.Мәліметінше, 2017 жылғы 6 айда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жергілікті филиалдарында келушілерге 3 128 778 қызмет саны (электрондық түрде 2 267 880 құжат қабылданған (пайыздық үлесі – 72 %) көрсетілсе, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 537 899 қызмет санына көп деген сөз. Яғни, көрсетілген қызметтер саны былтырғыдан қарағанда 23% өссе, электрондық қызметтер көлемі 20 % артқан.

«2016 жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық жоба ретінде іске қосылған мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің перзентхана ғимаратында бірден 4 қызмет түрін көрсетуге өтініш қабылдау бойынша жыл басынан бергі жарты жылда 27 186 қызмет саны көрсетілген. Оның 16310 қызметі «Баланың туылуын тіркеуге» қатысты болса, 5974 қызмет саны «Бала тууға және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға», 1756 қызмет «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға» және 4367 қызмет саны «Балабақша кезегіне тұруға» қатысты болды», — деді Еркебұлан Әлсейітов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*