Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

2017 жылдың 5 шілдесінде сағат 16.00-де облыс әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында 23-маусым «Мемлекеттік қызметші күніне» орай ОҚО әкімі аппараты мен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен жас мемлекеттік қызметшілер арасынан «Мемлекеттік қызметшінің бір күні» атты бейнеролигі мен «Менің ұжымым» атты фотобайқауға қатысушылардың жеңімпаздары марапатталатын болады.суреттер Әсет Әссандидің «фэйсбуктағы» парақшасынан алынды

Байқаудың мақсаты: 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күнін кеңінен атап өту, мемлекеттік қызметшілердің бір күндік жұмыс күнін көрсете отырып, толығырақ және ашық түрде, әрбір лауазымның маңыздылығын халыққа көрсету. Сонымен қатар жас мемлекеттік қызметшілердің бойында мақтаныш пен жауапкершілік сезімдерін ұялату, мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру.Байқауға қатысушылар: Қала, аудан әкімдіктерінен, облыстық басқармалар мен ОҚО аумақтық департаментерінен 30 жасқа дейінгі аттестаттау нәтижесі бойынша мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылған немесе белсенді жас мемлекеттік қызметшілер.

Байқауға қатысушылардың еңбектері «Fasebook» әлеуметтік желі жүйесінде арнайы айдар ашылып жарияланды. Бүгінгі күнге дейін жас мемлекеттік қызметшілердің бір күндік бейнеролигі мен фотосессиясын 15 мыңға жуық әлеуметтік желіні пайдаланушылар тамашалап, өз пікірлерін білдіріп отырды.

2017 жылдың 4 шілдесінде мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен құрылған арнайы Комиссияның әлеуметтік желіні пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, «Мемлекеттік қызметшінің бір күні» атты бейнеролигі байқауынан 7 және «Менің ұжымым» атты фотобайқауынан 3 жеңімпаздар анықталып, тиісті шешім шығарылды.

Қорытындысында әр салада халық игілігі үшін еңбек етіп жатқан мемлекетттік қызметшілердің қызметінің маңыздығын халыққа түсінікті бейнесуретті тілде жеткізуі және қоғам олардың жұмысын бағалап өз көзқарасын білдіруі арқылы мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық қағидатын жүзеге асыруды қаматамасыз ету болып

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*