ОҚО-да жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 180 мыңға жуықтады

Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны  178,7 мың бірлікті құраса, бұларға жұмыспен қамтылғандар саны 331,5 мың адамды құрады. Ал осы жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы 158,3 млрд. теңге болып отыр.Оңтүстік Қазақстан облысында  осы жылдың 6 айында  371,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілгенін айта кеткен абзал. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 250,4 млрд. теңгені құрап отыр екен. Ал, аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 3,6 есеге (29,9 мың тонна), тауарлық бетон – 44,1% (555 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 5,4% (74,6 мың м3), портландцемент – 22,2% (1276,6 мың тонна) артып отыр.

Сонымен қатар, өңірде осы алты ай ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 139,1 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,8 млрд. теңге болса, мал шаруашылығы 117,2 млрд. теңге болып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*